Былтыр елімізден сыртқа шығарылған тауар көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көбірек. Жалпы, экспорттың көлемі 55 миллиард долларға жуықтады. Оның ішінде шикізаттық емес өнімдердің үлесі - 14,3 миллиард доллар. Қазақстанның экспорттық қоржыны жыл сайын ұлғайып келеді. Соңғы жылдары елімізден шетелге бұрын-соңды сатылмаған автокөліктер, күн панельдері, газ қазандықтары, картридждер, рельстер және посттерминалдар сынды тауарлар шығарыла бастады. Осылайша, бүгіндері Қазақстанда шығарылған өнімдердің түрі 800-ге жуықтап қалды. Ал, сауда-саттық орнатылған елдер саны - 119.
Арыстанбек Қабыкенов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
- Қытай Халық Республикасының нарығына алғаш рет қазақстандық балмұздақты шығара бастадық. Министрліктің қолдауымен Қытайда ұйымдастырылған сауда-экономикалық миссияның шеңберінде алғаш рет Қазақстаннан ет жеткізілді. Келісімшарт 5 жылға жасалды.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.