Әлемде алғаш рет электр ұшаққа сертификат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде алғаш рет электр ұшаққа сертификат берілді

11.06.2020
Әлемде алғаш рет электр ұшаққа сертификат берілді

Еуропалық аваиациялық қауіпсіздік агенттігі әлем бойынша алғаш рет толық электр ұшаққа сертификат берді. 

«Бұл – айрықша ұмтылыс.Авиациялық өнеркәсіп шу мен шығарындылар деңгейін төмендетуге, сондай-ақ авиацияның экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа технологияларға ұмтылады», - деп мәлімдеді агенттіктің атқарушы директоры Патрик Кай. 

Жеңіл екі орындық Velis Electro ұшағын словениялық Pipistrel өндірушісі жасаған. Қанатының ұзындығы 10,71 метр болатын әуе кемесі 185 км/сағ жылдамдықаен ұшады, ең жоғары салмағы 600 келі және 3,6 км биікке көтеріле алады.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу