АҚШ-та қылмыскерді тұтқындау барысында қылғындыру тәсіліне тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қылмыскерді тұтқындау барысында қылғындыру тәсіліне тыйым салынады

10.06.2020

АҚШ-та енді адамды тұтқындау барысында қылғындыру тәсіліне тыйым салынады. Сонымен қатар, мұндай амал-айла енді тәртіп сақшыларына үйретілмейді. Оның орнына басқа шаралар қабылданбақ. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бұл – полиция жұмысының сапасын арттыру үшін қажет. Жаңа заңды алғашқылардың бірі болып Хьюстон және Финикс қалаларының билігі қолдап отыр. Айта кетсек, мамырдың соңында тәртіп сақшысы қара нәсілді Джордж Флойдты тұтқындау кезінде тізесімен оның тамағынан басып, өлімге душар етті. Соның салдарынан өршіген нәсілшілдік пен полиция озбырлығына қарсы наразылық акциялары ел аумағында әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу