АҚШ шетелден баратын әуе рейстеріне қауіпсіздікті күшейтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ шетелден баратын әуе рейстеріне қауіпсіздікті күшейтіп жатыр

29.06.2017

Шара ұшақ бортына жарылғыш заттардың өтіп кетуіне жол бермеуге бағытталған. Бұдан былай Құрама Штаттарға ұшақ аттандыратын 105 елдің 280 әуежайында тексеріс барынша күшейтіледі. Әуе компанияларына жаңа қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін 3 ай мерзім берілді. Ал, бұған құлақ аспағандарына АҚШ-қа ұшақ рейсін аттандыруға тыйым салынады. Бұдан бөлек, Құрама Штаттар 6 мұсылман мемлекеті азаматтарына виза беру тәртібін де қатаңдатып отыр. Бүгін күшіне енетін талаптарға сай, Иран, Ливия, Сирия, Сомали, Судан және Йемен азаматтары АҚШ-та жақын туысқандарының тұратынын дәлелдесе ғана виза алады.  Президент Дональд Трамптың уақытша тыйымы 6 елдің Құрама Штаттарда оқитын, мұнда кәсібі немесе АҚШ азаматтығы бар тұлғаларға қатысы жоқ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу