«Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларын сату мерзімі кейінге шегерілді. Мұндай шешім бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.
Негізі жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазынаның» 167 активі сатылымға шығарылып, басым бөлігі бәсекелес ортаға берілген. Ал «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго» мен «Қазақстан темір жолы» сияқты бірқатар стратегиялық активтерді сату мерзімі 2021-2023 жылдарға ауыстырылды.
Досжан Маратұлы