Биылдан бастап ЖОО мен колледж түлектері электронды диплом алады.
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты.
«Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрінде емес, электронды түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Енді дипломның Білім министрлігінде тіркелген-тіркелмегенін онлайн режимде тексеруге болады. Дегенмен дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді», - деді вице-министр Facebook желісінде.