Өткен 5 айда ұлттық экономиканың өсімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,7 пайызға төмен. Бұған коронавирус пандемиясы себеп. Дегенмен, бірқатар салаларда өсім бар. Бүгін Президент Үкімет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші жарты жылдықтағы даму қорытындыларын талқылап, экотуризм мен басқа да салаларды дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді.