Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды

15.01.2021
Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Онда Президент Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді ұсынған болатын.  Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады. Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

2019 жылы 25 ақпанда ҚР Премьер-министрі болып тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу