Азия Даму банкі еліміздегі суармалы егіншілікті дамыту үшін 700 млрд. теңге көлемінде төмен пайызды несие береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия Даму банкі еліміздегі суармалы егіншілікті дамыту үшін 700 млрд. теңге көлемінде төмен пайызды несие береді

25.12.2018

Қаржы орталығы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігімен осындай келісімге келді. Келер жылдың басында құжаттық жұмыстар аяқталысымен, жоба жүзеге асырыла бастайды. Бұл меморандумның арқасында шалғайдағы шағын ауылдардың диқандары қолдау алып, шаруасын дөңгелетеді. Жоспар бойынша бұл қаржыға 3,5 млн. гектар жерді суаруға қауқарлы жүйе іске қосылады. Ал, суармалы егіншілікті дамытудың арқасында, 1 гектар жерден 1,6 млн. теңгеге дейін табыс табуға болады екен.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу