Қырғызстандық тасымалдаушылар қосымша құн салығынан жалтарып, жалған импортпен айналысып жатыр. Бұған екі ел арасындағы алыс-берістің сәйкеспейтін дерегі дәлел. Біздің мамандардың айтуынша, былтырдан бері көрші тараптан көлемі 185 млрд теңгенің тауары өткен. Ал Қырғызстан мұны 10 есе қысқартып, 18 млрд деп көрсетіп, міз бақпай отыр.
Еліміздің құзырлы органдары мәселені бірлесе реттеуге бірнеше рет талпынған. Бірақ қарсы жақ құлықсыз.
Нысаналы Ығыл