Рұқсат қағазды заңсыз сатқаны үшін 1 миллион 250 мың теңге айыппұл төлеп, қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рұқсат қағазды заңсыз сатқаны үшін 1 миллион 250 мың теңге айыппұл төлеп, қызметінен кетті

08.06.2020

Семейде әкімдік қызметкері 25 мың теңге үшін 1 миллион 250 мың теңге айыппұл төледі. Төтенше жағдай кезінде көліктердің жүруіне арналған рұқсатнамаларды сатқан мемлекеттік қызметкер осындай жазаға тартылды. Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы көліктердің жүруіне берілетін арнайы рұқсат қағаздары үшіп пара алған. Ол осындай 5 құжат үшін кәсіпкерден 25 мың теңге сұраған. Қара басының қамын ойлап оңай олжаға кенелмек болмақ жас жігіт мемлекеттік қызметтен де аластатылды.  

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу