Павлодарда мас адам полицейге күш көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мас адам полицейге күш көрсетті

08.06.2020

Ішімдікке сылқия тойып алған павлодарлық тұрғын полиция қызметкеріне күш көрсетті. Оқиға кешкі уақытта болған.

Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің алдында сыра ішіп тұрған ер адамға учаскелік инспектор «үйге кіріңіз» деп ескерту жасаған. Сол арада екеуара кикілжің басталып, соңы төбелеске ұласқан.

Жұбайы мен кішкентай баласының көзінше тәртіп сақшысын балағаттап, тіпті қол жұмсағаны бейнекамераға түсіп қалған. Онымен қоймай полиция жетонын сындырып, қызметтік формасын жыртқан. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу