Директорлар мен олардың орынбасарлары осы айдан бастап тест тапсырады - Асхат Аймағамбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Директорлар мен олардың орынбасарлары осы айдан бастап тест тапсырады - Асхат Аймағамбетов

07.06.2020

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн форматта маңызды мәселелер бойынша түсініктеме берген. Мысалы, мектеп басшыларының жалақысын арттыру көзделген. «Директорлардың жалақысы өте аз. Біріншіден, биыл және келесі төрт жыл ішінде жалақының екі есе өсуі директорларға да қатысты болмақ. Екіншіден, директорлар мен олардың орынбасарларын аттестациядан өткізу институты енгізілді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Енді директорлар мен олардың орынбасарлары өз жұмысының тиімділігін көрсеткен жағдайда ай сайын 30-дан 100 пайызға дейін қосымша үстемеақы алады. Осы айдан бастап олар тест тапсыра бастайды. Айта кететіні, Шымкент және Қостанай қалалары, Жамбыл облыстарында мұғалімдерге міндетіне жатпайтын – кабинеттерді әктеп-сырлау сияқты жұмыстар істеткен директорларға әкімшілік жаза қолданылғанын министрліктің өзі хабарлады. Педагог мәртебесі туралы заң шыққалы мұндайды қойған шығар десек, қоймайды екен.


Хабарламаларға жазылу