Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын ұстануға (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде киюге) тағы да шақырамын. Президент Twitter-дегі парағында тағы жазды. COVID-19 коронавирусының эпедимиясы бойынша Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов бейсенбіде: «Бұл вирустан 48 адамның көз жұмғаны өз алдына, қайтыс болған 37 адам өлімінің негізгі себебі ол емес десек те, олар да коронавирус жұқтырған»,- деді. Қатаң режимдегі карантиннің пайдасы тиді. Енді әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту үшін тіршілікке оралу керек. Бірақ біз үйден шықпай отырғанда вирус жоқ болып кетті деп ойлау қате, тиісінше, оны жоқтай сезінуге мүлдем болмайды. Арнайы мемлекеттік комиссия Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарына карантин шараларын қатайтуды тапсырды. Атырау мен Орал қалаларында, Алматы облысында карантин тәртібін күшейтуге пәрмен шықты да.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли кеше Facebook-тегі парағында өзінен COVID-19 вирусы табылғанын жазды.
«Кеше тапсырған тест қорытындысы оң нәтиже берді. Қазір ауруханада, дәрігерлердің қарауында жатырмын. Жағдайым бірқалыпты. Аса алаңдайтындай емес. Ем қабылдаудамын.
Басын ашып айтатын мәселе, Президент белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы үнемі тест тапсырып, қорытындысын алып отыр. Ақордада санитарлық режим күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары қатайтылған»,-деген.
Сонымен бірге вирус барына сенбейтіндерге былай деген: «Ауырған адамдардың аттарын неге атамайды?» деген сияқты пікірлерді жиі еститінбіз. Міне, мен дерт жұқтырдым, оны жасырмай жариялап отырмын. Мұндағы мақсат алаңсыз жүрген азаматтар ойлансын, сенбей жүрген кісілердің көзі жетсін дегенім».
Сонымен Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін кешкі сағат 18:40-ғы мәліметі бойынша, COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 12 694 –ке жетті. 53 адам қайтыс болды. Жазылғандар – 7135.