Әзірбайжанда қала тұрғындарына үйден шығуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжанда қала тұрғындарына үйден шығуға тыйым салынды

07.06.2020
Әзірбайжанда қала тұрғындарына үйден шығуға тыйым салынды

Әзірбайжанның ірі қалаларында карантин режимі қайта күшейтілді. Өйткені елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейген. Мамандар бұған карантин талаптарын сақтамау себеп деп отыр.

6 маусымнан бастап дүйсенбі сағат 6:00-ге дейін Баку, Абшерон, Сумгайыт, Гянджа, Ленкорань қалаларының тұрғындарына үйден шығуға тыйым салынды. Тәртіп бұзғандарға 58-ден 117 долларға дейін айыппұл салынады. 

Тек екі жағдайда ғана үйден шығуға рұқсат берілген: шұғыл медициналық көмек қажет болғанда немесе жақын туысының жерлеуіне қатысу үшін.

Сондай-ақ демалыс күндері дүкендер, дәріханалар мен қоғамдық тамақтану орындары жабылды, қалалар ішіндегі автобустар тоқтады. Тек ауруханалар, құқық қорғау органдары, коммуналдық және авариялық қызметтер ғана жұмысын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта елде 7239 адам COVID-19 жұқтырған. 84 адам інденттен көз жұмды.

Дереккөз: https://t.me/AzeSputnik

Хабарламаларға жазылу