Судьялардың ісі арнайы алқа отырысында қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судьялардың ісі арнайы алқа отырысында қаралады

05.06.2020

Іссапар кезінде сый-сыйапат алып, өзгенің есебінен қымбат мейрамханада ас ішкен судьялардың әрекеті арнайы алқа отырысында қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін Жоғары соттың екі судьясын тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс енгізген еді. Өйткені Түркістан облысына іссапармен барған судьялар қызметтік бабын пайдаланып, күтіп алушылардың есебінен мейрамхананың vip-кабинасында бірнеше мәрте ас ішкен. Тіпті, облыстағы әріптестерінен сыйлық алған олар енді осы әрекеттері үшін тәртіптік жазаға тартылып, немесе қызметтен қуылуы да ғажап емес.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу