Ресейде 15 мың тонна дизель отыны өзенге төгілді: «Роскосмос» апат ауқымын көрсететін спутниктік суреттерді жариялады.
29 мамырда Норильск қаласындағы дизель отынын сақтайтын резервуар бұзылып, 21 тоннаға жуық жанармай жерге төгілген еді. Оның 15 мың тоннасы Далдыкан және Амбарная өзендеріне кұйылған. Экологтар бұған Арктикадағы ең үлкен экологиялық апат деп баға беріп отыр.
Оқиғаға байланысты Таймыр Долган-Ненец ауданы мен Норильск қаласында төтенше жағдай жарияланды. Апат болған ЖЭО-ның басшысы қамауға алынды. «Экологиялық зардаптарды жою үшін 10 жылға жуық уақыт қажет», - дейді мамандар.
«Роскосмос» апат ауқымын көрсететін спутниктік суреттерді жариялады. Суреттерден Амбарная өзеніндегі бөгеттерді, апат болған ЖЭО аумағын, апат салдарын жоюға арналға жер жұмыстарының іздері мен Пясино көлі аумағындағы мұнай өнімдері қалдықтарын көруге болады.
rbc.ru