Карантиндік бақылау күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиндік бақылау күшейеді

04.06.2020

Карантиндік бақылау күшейеді. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда елдегі қазіргі эпид-ахуал, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ел азаматтарын қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, коронавируспен ауырғандардың көбеюіне кей өңірлерде қарантинді жеңілдету себеп болған. Осы ретте, Ералы Тоғжанов, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне шектеу шараларын күшейтуді тапсырды.  

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу