Қазақстанда жалақы мөлшері қарқынды өсіп келеді – Экономика министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жалақы мөлшері қарқынды өсіп келеді – Экономика министрі

12.12.2018

Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы көрсеткіштерін жариялаған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай мәлімдеді. Қаңтардан қазан айына дейін елдегі орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге ұлғайған. Пайызға шағатын болсақ, 2,2 пайызға өскен. Өңірлік бөліністе халықтың нақты ақшалай табысы жыл соңында белгілі болмақ. Ал, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға дейін төмендеді. Жыл басынан 500 мыңға жуық азамат екі қолға бір күрек тауыпты. «Жалпы, соңғы 11 айда елдің экономикалық-әлеуметтік ахуалы тұрақты»,-деді жауапты министр.

Тимур Сүлейменов, ҚР Экономика министрі:

ЖІӨ орнықты өсуі үш ай бойы 4,1 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраныс, сондай-ақ, экономикалық базалық салаларындағы өндірістік белсенділік экономикалық өсудің факторлары болды. Инфляция деңгейі 5-7 пайыз аралығында сақталады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу