Джордж Флойдты өлтірген 4 полицейге айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джордж Флойдты өлтірген 4 полицейге айып тағылды

04.06.2020

АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдты өлтіруге қатысқан 4 полицейге айып тағылды. Олардың бәріне ұзақ мерзімдік түрме қаупі төніп тұр. Ал бұрынғы полицей Дерек Шовин адам өлтірудің екінші дәрежесі бойынша кінәлі болып табылды. Ол 40 жылға сотталып кетуі мүмкін. 

Айта кетсек, бұл офицер Флойдты мамырдың 25-інде тұтқындарда оның мойнын тізесімен басып тұрып, тұншықтырып о дүниеге аттандырды. Содан кейін Құрама Штаттардың 150-дей қаласында нәсілшілдікке қарсы акциялар басталды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу