Сауда саласында біріккенімізбен, мемлекет ретінде құрамына қосылмаймыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік басылымға сұхбат беріп, саяси астары бар маңызды сұрақтарға қатысты нақты ұстанымын жеткізді. Мәселен, Ресей мен Белорусьтің одақтас мемлекетіне қосылудың қисынға келмейтінін мәлімдеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың артып жатқанын атап өтті. Ресейден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 15,7 миллиард долларды құраған. Екі жақты тауар айналымы былтыр 6,2% өсіп, 20 миллиард долларға жуықтаған. Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік компания мен үш жарым мыңға жуық бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Еліміз әрдайым көршілес мемлекеттердің барлығымен достық ниетте байланысты нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Ербол МӘНДІБЕК