Шығыс Қазақстанда ертеңнен кинотеатрлар мен театрлар жұмысын қайта бастайды. Аймақтағы жедел штаб оларға залдың жартысын ғана толтырып көрермен қабылдауға рұқсат етті. Қоғамдық тамақтану орындары да осындай тәртіпті сақтауға міндетті. Дегенмен, облыс бойынша карантин режимі 13-маусымға дейін ұзартылды. Бірақ 3-маусымнан барлық аудандар мен қалаларда, ал Семейде 6-маусымнан бастап кәсіпкерлік нысандар,өзге де қызмет көрсету орындары іске кіріседі. Әзірге тек түнгі клубтардың ашылуына рұқсат жоқ. Карантин шектеулері жеңілдейтіні туралы облыс әкімі өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Аймақ басшысы өңірде әлі де эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз екенін еске салып, тұрғындарды сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.
Берік КӨШЕРБАЙ