Алматыда кәріз құдығына құлағандарды құтқармақ болған екінші тұрғынның өзі де газға уланып қалған. Куәгер тілшілерімізге оқиға туралы айтып берді. Балаларын ертіп дүкенге шыққан Аманжол Жансейітов көшеде топталып тұрған адамдарды байқаған. Екі жігіттің құдық ішінде ес-түссіз жатқанын көріп, бірден ішке түскен. Алғашқысын сыртқа алып шыққанда өзіне де дем жетпей қалыпты. Артынша Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы көмекке келеді.
Ауыр жағдайда ауруханаға түскен 25 жастағы жігіттің жағдайы жақсарды. Ол өкпені жасанды желдету құрылғысынан алынғанын айтады №7 клиникалық аурухананың дәрігерлері. Дегенмен, «Алматы су» коммуналдық мекемесінің екі қызметкері де әлі жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Екінші науқас есін жимаған.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ