Коронавирустан айыққан Камалжан Надыров жаңа қызметке кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан айыққан Камалжан Надыров жаңа қызметке кірісті

02.06.2020

Коронавирустан айыққан экс-вице-министр Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісті. Камалжан Надыров бұл лауазымға сәуір айында тағайындалған. Десе де, індет жұқтырып алуына байланысты жұмысына шыға алмады. 

Камалжан Надыров сәуірдің 21-і күні Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған. Артынша оның алып мегаполистің денсаулық саласын басқаратыны белгілі болды.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу