ҰБТ кезінде түлектердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу нәтижесі жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ кезінде түлектердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу нәтижесі жойылады

02.06.2020
ҰБТ кезінде түлектердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу нәтижесі жойылады

ҰБТ кезінде түлектердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу нәтижесі жойылады

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бейнежазбаны қарау кезінде талапкерлердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда ҰБТ нәтижесі, сонымен қатар білім беру гранты жойылады. Сондай-ақ енді тест тапсырушыларға калькулятор беріледі және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылды. Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға ақысыз орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттерін алдын ала берген болатынбыз», - деді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, биыл ҰБТ-ға кірер кезде түлектердің бет-әлпетін тану – тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Педагог болу үшін шекті балл биыл 70 ұпайға дейін көтерілді. Cонымен қатар осы жылы ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезінде де электронды куәлік беріледі.

Биыл ҰБТ форматы өзгертілген жоқ. Барлығы бес пән – үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өтеді. Барлық тест тапсырмасының саны – 120, ең жоғары балл – 140.

Хабарламаларға жазылу