Елордада апатқа ұшыраған автобустағы жолаушылардың жағдайы жақсы

01.06.2020

Елордада жол апатына түсіп, ауруханаға жеткізілген жолаушылардың жағдайы жақсы. Барлығы дәрігерлер кеңестерін алып, сол күні үйлеріне жіберілген. Бұл жөнінде Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады. Еске салсақ, өткен аптада Камаз бен автобус соқтығысып, 13 адам зардап шеккен еді. КамАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, «МАН» маркалы автобусты соққан. Қоғамдық көлік №4 -ші автобус паркіне тиесілі. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу