АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де жазбасында «Антифа» қозғалысын террористік ұйым ретінде тіркейтінін айтты.
Бірнеше күн бұрын «ақ үй» басшысы АҚШ-та полиция қолынан қаза тапқан Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған шерулерді «Антифа» және өзгеде радикалды топтар ұйымдастырып отырғанын мәлімдеді.
Өткен сенбіде Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз көшеде болып жатқан қақтығыстардың бейбіт шеруден үлкен жанжалға айналуы сырттан келген топтар мен наркокартельдердің ісі деген болатын.
«Антифа» - неонацизм, фашизм және расизмге қарсы қозғалыс. Ұйымның АҚШ-тағы мүшелері Дональд Трамп саясатын мүлдем қолдамайтынын айтады. Сондай-ақ «Антифа» капитализм мен алпауыт мемлекеттердің де билігіне қарсылық танытады.
ВВС