Ақмола облысында 120 мың гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған аумақтар жылдар бойы пайдаланылмай келген. Облыстық прокуратура жалпы 1 жарым миллион гектардың құр босқа жатқанын анықтады. Жерді қайтарып алу - ең соңғы процедура. Алдымен оны мақсатына сай игеру керектігін ескертеміз дейді мамандар. Осындай ескертулерден кейін 657 мың гектар алқап игерілген.
Ермек ЕЛБЕРГЕН