Ақмола облысында 118 га жер телімі мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 118 га жер телімі мемлекетке қайтарылды

29.06.2023

Ақмола облысының Ақкөл ауданында құны 678 миллион теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Жергілікті әкімдік 118 гектардан аса жер учаскесін сауықтыру, туристік және спорттық мақсатта ұзақ мерзімге орман қорына пайдалануға берген. Алайда, кәсіпкерлер жалға алу ақысын алты жыл бойы төлемей, жерді кәдеге жаратпай, қараусыз қалдырған. Онымен қоймай, орманды өрттен сақтау үшін қауіпсіздік шарасын қолға алмаған. 


Ұмсындық Наурызбаева 

Хабарламаларға жазылу