Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) тері және венерологиялық аурулар кафедрасының доценті Ольга Жукова коронавируспен ауырған адамдарда 7 түрлі тері бөртуі болатынын мәлімдеді.
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың мәліметтерін зерттеу нәтижелері бойынша анықталған бөртулер:
ангитит (қан тамырларының қабырғаларының қабынуы), папуло-везикулярлы, папуло-сквамозды, қызылша тәрізді бөртпелер, токсидермия, уртикария және бет терісіндегі трофикалық өзгерістер.
Алайда көрсетілген бөртпелердің барлығын коронавирус инфекциясының симптомдары ретінде қабылдауға болмайтыны да айтылды. Бұлардың көпшілігі вирусқа қарсы қолданылып жүрген дәрі-дәрмектердің салдарынан да болуы мүмкін.
Айта кетейік, сәуір айында Испания және Италия дәрігерлері науқастардың аяғында пайда болған бөртпелерді коронавирус симптомдарының бірі деп мәлімдеген болатын.
Lenta