Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті

27.05.2020

2025 жылға дейін білім саласын қаржыландыру 6 есеге, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есеге артады. Бұл туралы Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы, әлеуметтік салаларды реформалау бастамаларының маңызына ерекше тоқталды. Бұл ретте кеңес мүшелерінің ұсыныстары да ескеріледі. Президенттің мәлімдеуінше ғылым саласын жетілдіру мақсатында мемлекеттен бөлінетін гранттар саны 3 есеге артады. Жыл сайын 100 ғалым шетелдік тәжірибеден өтуі керек. Ауыл мен қала мектептерінің ахуалын теңестіріп, техникалық мүмкіндігін жүйелеу де маңызды. Әсіресе, елдімекендерде шығармашылық орталықтар санын көбейту тапсырылды. Үш ауысымда білім беруді тоқтатып, алдағы 4 жылда 650 000 орындық 800 мектеп салынады. Тағы бір жағымды жаңалық жоғары оқу орындары ұстаздарының жалақысы артады.

Президент денсаулық саласына қатысты да бірқатар тапсырма берді. Оның бастылары медицина мамандарының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру. Дәрңгерлердің айлығы 2023 жылға дейін орташа жалақыдан екі жарым есеге артық болуы керек. Алдағы 5 жылда медициналық мекемелер қажетті техникамен 100 пайыз қамтылады.


Хабарламаларға жазылу