Түзету мекемесінде жазасын өтеп отырған әйел өз балаларымен 11 жылдан соң көрісуге мүмкіндік алды. Шығыс Қазақстандағы 156/21 мекемесінің қызметкерлерінің көмегімен ана мен оның балалары бейнебайланыс арқылы сөйлесті. Павлодар облысының тумасы Лариса Антонюк кезінде Түркіменстан азаматына тұрмысқа шығып, сол елге көшіп кеткен. Алайда жанжал кезінде күйеуін өлтіріп алып, 21 жылға сотталған.
Бірнеше жылдан соң ол Қазақстандағы түзету мекемесіне ауыстырылды. Түркіменстанда қалған 4 баласы елге жеткізіліп, туыстарының қамқорлығында болған. Қазір олар Екібастұз қаласында тұрып жатыр.
Берік Көшербай