Skype жаңа сервисті іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Skype жаңа сервисті іске қосты

15.10.2014
Skype жаңа сервисті іске қосты

Skype Qik мобильді қосымшасы арқылы бір немесе бірнеше пайдаланушыға қысқа бейнехабарлама қалдыруға болады. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Бейнехабарламаның ең көп ұзақтығы – 42 секунд.

Skype Qik кәдімгі Skype-тан бөлек қызмет етеді. Оны Skype немесе Microsoft сервистерінің аккаунттарынсыз пайдалануға болады. Оның аккаунты SIM-картаға жалғанады.

Қосымшада смайликтердің орнына Flik-ролигі қолданылады. Алайда, Skype Qik-те шектеулер қойылған. Мұнда жіберілген хабарламаларды көшіріп алуға мүмкіндік жоқ.

Хабарламаларға жазылу