Ақтөбеде ертеңнен бастап шектеу шаралары жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ертеңнен бастап шектеу шаралары жеңілдейді

26.05.2020

Күні кеше сауда орындарының ашылуын сұраған кәсіпкерлердің талабы да орындалатын болды. Атап айтқанда, таңғы 10-нан 17:00-ге дейін азық-түлік, автомобиль, құрылыс және киім-кешек базарлары ашылады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері күндізгі сағат бірге дейін жұмыс істейді. Шағын дәмханалар мен жазғы кафелерге елу адамға дейін қабылдауға болады. Сондай-ақ сантиарлық талаптарды сақтай отырып, спорт нысандарында 30 адамға дейін жатығу жасауға рұқсат. Алайда, көрермендердің кіруіне тыйым салынады. Облыс орталығындағы саябақтар да жұмыс істей бастайды.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу