Барымташылардан зардап шеккендерді прокурор қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барымташылардан зардап шеккендерді прокурор қабылдады

25.05.2020

БҚО-да барымташылардан жапа шеккен тұрғындар тергеу барысына алаңдаулы. Өйткені қылмыскерлер жазадан сытылып кетеді деп қорқады. Жылдар бойы мал ұрлағандардың ұсталғанына бір айдан асса да қылмыстық істе ілгерілеу жоқ. Керісінше кейбір күдіктілер бостандыққа жіберіліп, жоқ іздегендерге қоқан-лоқы көрсете бастаған. Осыған орай, малын ұрлатып алған бірнеше ауданның тұрғындары адвокат жалдап, тергеуді прокуратураның өндірісіне беруді талап етіп отыр.

Ал Облыстық полиция департаментіндегілердің айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілердің мал ұрлығы, заңсыз қару-жарақ сақтау сияқты 15 дерекке қатысы анықталуда деп отыр.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу