Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ мұнай-газ кеніші карантинге жабылды. Зауыт жұмысшысынан вирус анықталысымен осындай шұғыл шешім қабылданды. 4 мыңнан аса адам еңбек ететін алпауыт кәсіпорында эпидемиялогиялық тәртіп күшейді. Сондай-ақ, түнгі ауысымда жұмыс тоқтады. Әрі өзге өңірлерден келетін жұмысшылардың тізімі қысқарып, вахтадағы қызметкерлердің жұмыс күндері ұзарды.
Атыраудағы Теңіз мұнай кеніші аумағынан шығарылған жұмысшылардың жалақысы сақталады. Сондай-ақ, вахталық мерзімі уақытынан асқан қызметкерлердің еңбекақасына 1,5 коэффициент қосылады. Мамандардардың айтуыншна, Теңізде жағдай тұрақталып келеді. Облыстан барған арнайы комиссия, індет жайлаған аумақта әлі де жұмыс істеп жатыр. Ондағы эпидахуалды күнделікті 10 мобильді топ қадағалайды. Бүгінде кеніште вирусқа шалдыққандар саны 787 адамға жетті.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ