Парламент Сенаты саяси партияларды құру мен тіркеу талабын жеңілдететін заңды қабылдады. Партияларды тіркеудің талаптық шегі төмендетілді. «Қабылданған заңдар көп партиялық жүйені одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық міндетті квота белгіленді»,- деді Сенат төрағасы. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетілмек.
Парламент, саяси партиялар демекші, Қырғыз Республикасы парламенті - Жогорку Кенештің депутаты, Қырғызстан коммунистік партиясы орталық комитетінің жетекшісі, «Онугуу-Прогресс» партиясы атынан сайланған Исхак Масалиев депутаттық мандатын тапсыратынын мәлімдеді.
Бүгін Қырғызстан парламентінің экс-спикері Мукар Чолпонбаевтың коронавирустан көз жұмғаны жабарланды. 70-тегі саясаткер ауруханаға мамыр айының басында түскен.