Өңірлерде эпидемиологиялық ахуал әлі де өршіп тұр. Павлодар облысы мен Батыс Қазақстанда вирус аудандарға жетті. Ал Қарағанды облысында індет жұқтырғандар саны осы апта бойы көбейсе, карантин талаптары қайта күшейтілуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысындағы Сырым ауданының үш тұрғынынан вирус анықталды. Орал қаласында бір тұрғын мен клиникалық аурухана қызметкерінен де инфекция табылды. Қазір олармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
Короновирус Баянауылға да жетті. Облыста вирус жұқтырған 9 адамның екеуі осы ауданның тұрғындары. Олардың бұған дейін сырқат адаммен байланыста болған. Осылайша, аймақта COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 176-ға жетті.
Ал Қарағанды облысында эпидахуал жақсармаса, карантин талаптары қайта күшейтілуі ықтимал. Бастапқыда індет тек Қарағандының өзінде тіркелсе, енді 5 қала мен 3 ауданнан шығып отыр. Жағдай ушыға берсе ашылған нысандар қайта жабылып, қалааралық автобустардың қатынасы тоқтауы мүмкін.
Ермек ЕЛБЕРГЕН