Қашықтан қызмет көрсету: мамандар қай сала түрлері өзгеріске ұшырайтынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашықтан қызмет көрсету: мамандар қай сала түрлері өзгеріске ұшырайтынын айтты

21.05.2020
Қашықтан қызмет көрсету: мамандар қай сала түрлері өзгеріске ұшырайтынын айтты

Әлемде COVID-19 инфекциясының таралуынан болған пандемия салдарынан көптеген өндірістік, қызметтік сала өкілдері қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Алдағы уақытта да бірнеше қызмет түрлері түбегейлі үйден жұмысқа көшуі мүмкін.

Ең алдымен мұндай өзгеріс алыпсатарларға келеді дейді мамандар. Бұл электронды сату жүйесінің дамуы мен үйге жеткізу қызметінің сұранысына байланысты болады.

Сондай-ақ, қаржы саласы, сақтандыру жүйесі, мемлекеттік қызметтер, бизнеске кеңес беру және білім, мәдениет саласында онлайн-қызметтер саны артады деп болжануда.

Сарапшылардың айтуынша, болашақта инвестицияның басым бөлігі де онлайн жүйе, қашықтан қызмет көрсетуге арналған сервистерге бағытталатын болады.

РИА


Хабарламаларға жазылу