Қазақстан оқушылары мектепке оралуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан оқушылары мектепке оралуы мүмкін

12.10.2020

Мектептерде дәстүрлі оқыту тәртібіне қайта оралуы мүмкін. Қазір сала министрліктері осы мәселені қарап жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы айтты. 2,6 млн-нан астам оқушы қазір қашықтан білім алып жатыр. Тағы 250 мыңы штаттық режимде, ал 550 мың бала кезекші сыныптарға барып жүр. Барынша сақтық шаралары қамтамасыз етілгенмен оқушылар арасында 136 вирус жұқтыру дерегі тіркелді. Олардың 51-і кезекші сыныптарда, қалған 85-і қашықтан оқитындар. Оның үстіне қазір тұмау маусымы ушығатын кезең. Әсіресе жабық мекемелерде қатер басым. Осы жағдайлар ескеріліп, құзырлы органдар кезең-кезеңмен жеңілдету мәселесін қарастырып жатыр.  

Нысаналы Ығыл 

Мектеп дәстүрлі оқу Үкімет басшысы сақтық шаралары

Хабарламаларға жазылу