Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында шетелдік көліктер 30 қыркүйекке дейін еш шектеусіз жүре алады. Пандемияға байланысты кедендік аумаққа көліктерді уақытша кіргізу мерзімі ұзартылды.
Еліміздің кедендік кодексіне сәйкес ел аумағына шетелдік көлікті тек бір жылға кіргізуге рұқсат етілетін. Ал Еуразиялық экономикалық одақ аумағына уақытша кірген көліктер 18 айдың ішінде қайта шығып кетуі тиіс еді. Жаңа ережеге сай енді одақ аумағына кірген шетелдік көлік иелеріне күзге дейін әкімшілік шара қолданылмайды, олар кедендік төлем төлемейді.
Индира Бегайдар