Мақтарал ауданындағы ауылдарды дезинфекциялау жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтарал ауданындағы ауылдарды дезинфекциялау жұмысы басталды

19.05.2020

Мақтарал ауданындағы тасқын су астында қалған ауылдарды дезинфекциялау жұмысы басталды. Бұл жұмыс аймақта жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатыр. Өйткені екпіні қатты ағыс жолындағы күл-қоқыс, малдың қиы мен өлекселерді елді мекен ішіне дейін ағызып әкелген. Оған қоса әр үйдегі әжетханалар да суға толған. «Шымкент дезинфекция» мекемесінің мамандары қазір тасқын су тартылып, дені кебе бастаған «Өргебас» пен «Фердоуси» ауылдарында залалсыздандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Олар дәретхана маңайы, су ұңғымалары мен ауыз су құбырларының бойын тазартуда. Бұл жұмыстардан соң ауыз суға сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тексеріледі. Ал апат болған тағы үш ауылда дезинфекциялау жұмыстары су деңгейі төмендегеннен соң атқарылмақ.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу