Коронавирустан жазылып шыққандар не дейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан жазылып шыққандар не дейді?

19.05.2020

Халық арасында коронавирусқа қатысты алып-қашпа әңгіме көп. Тіпті кейбір тұрғындар науқастардың дәл сол жұқпалы індетке шалдыққанына күмәнмен қарайды. Ал осы вирусқа шалдығып, емделіп шыққан медицина саласының маманы Дәулетхан Есімов коронавирустың әсіресе жасы келген науқастарда ауыр өтетінін айтады. Спортты жанына серік еткен азамат тіпті ауруханада да жаттығу жасауын тоқтатпапты.

Медицина саласының білгірі, майталман маман — Дәулетхан Серғазыұлын көбіміз білеміз. 35 жыл осы салада қызмет істеген ол вирус жұқтырамын деп еш ойламаған. 17-наурызда денсаулығы сыр берген дәрігер аяқ асты келген дерттен күмәнданып, қан тапсырады. Сараптама қорытындысы вирус барын көрсетеді.

Дәулетхан Серғазыұлы салауатты өмір салтын берік ұстанады. Күн сайын таңертең жүгіруді әдетіне айналдырған. Үйде жаттығатыны тағы бар. Ол жұқпалы індетті жеңуге осы әдеті көмектескенін айтады.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу