Азия биржаларында индекстер төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия биржаларында индекстер төмендеді

25.10.2018

Бүгін Азия биржалары күрт құлдырап, жүздеген миллиард доллар жоғалтты. Соңғы мәліметке қарағанда, Токиода 225 компания акцияларының орташа құнын көрсететін Никкей индексі 3,7 пайызға төмендеді. Шанхайдың «Композиті» 15, Гонконгтің «Хансені» - 2,1, Кореяның «Коспиі» - 3 пайызға түскен.

Сауда алаңдарында мұндай ахуалдың қалыптасуына Нью-Йорк биржасында технологиялық компаниялар құнды қағаздарының 2011 жылдан бергі ең төмен бағаға дейін арзандауы себепші. Инвесторлар Америкада несие пайызы көтеріліп, АҚШ-Қытай сауда соғысы әрі қарай жалғасып, Әлем экономикасының өсіміне қауіп төнгендіктен акцияларды жаппай сатып жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу