Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты

19.05.2020

Кеше Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалаға қатаң режимдегі карантин қайта енгізілуі мүмкін екенін ескерткен. 

Жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарымен танысқан ол көшеде жүрген халықтың қарасы көп екен айтқан. Кейбіреуі маска да тақпай, қауіпсіздік қағидаларын ұмытқан. Сол себепті, қала басшысы көпшілікті тәртіпке бағынуға шақырған еді. Дегенмен, бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шаһарда жағдай біршама тұрақты екенін хабарлады. Мәселен, кеше вирус жұқтырған 36 адам анықталған. Яғни күндік өсім үш пайызға жетпейді. Ал ауырғандардың өсімі бес, жеті пайыздан асқан кезде ғана карантин қайта күшейтілуі мүмкін.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу