Қадір түнінде еліміздегі мешіттер жабық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қадір түнінде еліміздегі мешіттер жабық болады

15.05.2020

Құлшылық жасаймын деушілерге таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін кіруге рұқсат. Онда да шектеулі уақытқа. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Сондай-ақ ол 18 мамырда мешіттердің барлығы бірдей ашылмайтынын айтты. Құлшылық орны тек эпидемиологиялық жағдайы тұрақты аймақтарда ғана есігін ашады. Мешітке кіру тәртібі де бекітілді. Неке қиюға 4 адам, ал құран оқытуға 10 адамның бірге кіруіне рұқсат. 

Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 100 мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасады. Сонымен қатар «Зекет» қорының ұйымдастыруымен қызыл судан зардап шеккен Мақтаарал халқына көмек ретінде Түркістан әлеуметтік даму қорына 10 млн теңге аударды. Алдағы уақытта зардап шеккен 2 отбасына 2 үйдің кілтін табыстамақ ниетте.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу