Аягөзде белгісіз біреулер заңсыз алтын қазумен шұғылданып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде белгісіз біреулер заңсыз алтын қазумен шұғылданып жүр

15.05.2020

Тағаты таусылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғыны Президенттен көмек сұрайды. Айтуынша, 3-4 жылға жуық уақыттан бері белгісіз біреулер оның шаруа қожалығына қарасты жерден заңсыз алтын қазумен шұғылданып жүр. Қожалық басшысы бұл мәселені аудан әкімшілігіне, құқық қорғау органдарына айтып шағымданғанмен жауап болмаған. Өзіне тиесілі жерге баса көктегендерден «Құтқарыңдар!» –деп араша сұраған тұрғындар біздің арна тілшілеріне де жүгінді. 

Алайда аягөздіктер ұзақ уақыт қара халықтың шағымына құлақ аспай үнсіз отырған аудандағы құзырлы органдардың жауабына күмәнмен қарайды. Сондықтан облыстық прокуратураның тексеру жүргізуін талап етіп отыр.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу