Мурманск облысына қалың қар түсті. Елімізде де ауа райы тұрақсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мурманск облысына қалың қар түсті. Елімізде де ауа райы тұрақсыз

15.05.2020

Мурманск облысында кешелі бері көп мөлшерде жауған қардың салдарынан кейбір қалааралық тас жолдар жабылды. Өңірдегі ауа райы тұрақсыз. Желдің жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін жетуі мүмкін дейді мамандар. Гидрометорталық облыстағы мұндай ахуал алдағы бірнеше күн сақталады деп отыр.

Еліміздің барлық аймақтарында да тұрақсыз ауа райы күтіледі. «ҚазГидроМеттің» мәліметінше, бұған синоптикалық процестердің тез ауысуы әсер етеді. Қазақстан арқылы өтетін фронтальды бөліктер аймақтарға селмен және найзағаймен таза ауа массаларын әкеліп, күндізгі температура 24-33-тен 15-27 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Түркістан облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан бірнеше ауылды топан су басып, тұрғындарды әбігерге түсірген болатын. Сонымен қатар, Алматыда нөсер жауыннан бірнеше ауланы су алып, ағаштар құлаған.

Хабарламаларға жазылу