Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жалақысы өседі

14.05.2020

Қазақстан мектептеріндегі дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне жалақысынан бөлек қосымша ақы төленеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай жүйе бұрын да енгізілген. Тек ынталандыру қаржысының көлемі аз болыпты. Жалпы, министрлік халықты спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту деңгейін 35%-ға дейін арттыру мақсатын қойып отыр. Аталмыш шара сол жоспардың маңызды бөлігі.

Сонымен қатар, 2025 жылға дейін спорт нысандарының санын 30 мыңға жеткізу жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдардың есептеуінше, қарапайым спорт құрылыстарын салу қажеттілігі жылына орта есеппен 1100 нысан шамасында. Министр, әсіресе жастар арасында спорттың трендке айналып жатқанын атап өтті. Айта кетейік, бүгінде елімізде 23 мың қарапайым спорт нысаны пайдалануға берілген.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу