Мұнай бағасының өсуіне негіз бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасының өсуіне негіз бар

03.10.2018

Мұнай бағасының өсуіне негіз бар. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. «Қара алтын» бағасының өсуіне бірнеше негіз бар. Оның бірі ірі елдер мен мұнай өндіруші мемлекеттер арасындағы санкциялар.

Айта кету керек,  Лондонның «ICE Futures» қор биржасында мұнайдың «Brent» маркасының бағасы 85 доллардан асты. Бағаның өсуіне, ОПЕК-ке мүше елдердің мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион тоннаға дейін қысқарту туралы шешімі де әсер еткен. Мұнай бағасы 100 АҚШ долларына жету жетпеуін болжау қиын. Алайда, қазіргі баға ұлттық қорға қосымша кіріс кіргізіп, геологиялық барлау жұмыстарын арттыруға мүмкіндік береді. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Расында да бірнеше күн бұрын нарықты 2014 жылдан бері болмаған мұнай бағасы қалыптасты. 70 доллар баға барлық мұнай өндіруші елдер үшін қолайлы. Ал, баррельіне 83 доллар біз үшін қосымша кіріс, мұнай өңдеуші компаниялар үшін де қосымша табыс.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу